Қажетті құжаттар тізімі
Қажетті құжаттар тізіміҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
1) ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін түрде өтініш;
2) білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) шетелдік азаматтарды қоспағанда, ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ);
5) шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат:
ағылшын тілін меңгеру бойынша:
• IELTS Academic (АЙЛТС Академик), шекті балл кемінде – 5.0;
• TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл кемінде – 35 балл;
• TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ), шекті балл кемінде – 417;
• TOEIC, шекті балл кемінде – 550;
• Duolingo English Test, шекті балл кемінде – 80;
неміс тілін меңгеру бойынша:
Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau В1 (DSH, Niveau В1) (ДЙСИЭИЧ, ниво В1) – В1 деңгейінен төмен емес;
TestDaF-Prufung Niveau В1 (TDF Niveau В1) (ТЙДИЭФ, ниво В1) – В1 деңгейінен төмен емес;
француз тілін меңгеру бойынша:
• Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau В1 (DSH, Niveau В1) (ДЙСИЭИЧ, ниво В1) – В1 деңгейінен төмен емес;
• TestDaF-Prufung Niveau (TDF Niveau В1) – В1 деңгейінен төмен емес;
француз тілін меңгеру бойынша:
• Test de Français International (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI) (ТФИ) - оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес;
• Diplome d’Etudes en Langue français (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF) (ДЭЛФ) – В1 деңгейінен төмен емес;
• Diplome Approfondi de Langue français (Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз) (DALF) (ДАЛФ) – В1 деңгейінен төмен емес;
• Test de connaissance du français (Тест де коннэссанс дю франсэ) (TCF) (ТСФ) – В2 деңгейінен төмен емес;
6) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады.
7) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
8) шетелдік азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат;
9) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізімі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары және эссе;
10) алдын ала іріктеу нәтижелері ("Денсаулық сақтау" білім саласы бойынша);