Қабылдау мерзімі

 2022-2023 оқу жылына қабылдау комиссиясы жұмысы туралы АҚПАРАТ!!!

1. Университет Ғылыми кеңесінде қаралып, Бұйрықпен бекітілген қабылдау комиссиясының құрамы 2022 жылдың 19 маусымында өз жұмысын бастайды.

2. Шығармашылық емтихандар (Дене шынықтыру және спорт, Бастапқы әскери дайындық, Көркем еңбек және сызу, Музыкалық білім) тапсыратын талапкерлер 2022 жылдың 20 маусымы мен 07 шілдесі аралығында Өтініш береді. Шығармашылық емтихандар: дәстүрлі форматта 2022 жылдың 08-13 шілдесі аралығында өтеді

Өзгеріс: Шығармашылық емтихандардың записьі, хаттамасы және бағасы ҚР ҰТО-на  сол күні өткізіліп, бағалар орталықтандырылған Базаға енгізіледі.

3. 2022 жылдың 13-20 шілдесі аралығында талапкерлер мемлекеттік тапсырыс бойынша (грант) конкурсқа Өтініш береді.
Өзгеріс:Талапкерлер мемлекеттік тапсырыс бойынша конкурсқа Өтінішті өздері ҰБТ тапсырған кезде ашылған электронды жеке кабинеті арқылы береді. Жауапты: талапкер.

 

Қазақ